Жарқын ойлар алаңы
Жыл сайынғы «Zhas Qosta» ақпараттық лагері биыл өзінің бес жылдығын атап өтуде. Облыс жастарының сүйіспеншілігіне бөленген мерейтойлық лагерь бүгін Қарабалық өңірінде өз жұмысын бастады.
Дәстүрлі лагерь тағы да облыстың барлық аудан-қалаларындағы көшбасшыларын бір алаңға жинады. Жүзден астам белсенді жас тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдіру үшін бас қосты.
Дәстүрлі лагерь тағы да облыстың барлық аудан-қалаларындағы көшбасшыларын бір алаңға жинады. Жүзден астам белсенді жас тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдіру үшін бас қосты.
Қалыптасқан дәстүр бойынша дәл қазір әртүрлі алаңдарда белсенділер өз жұмыстарын жетілдіруге қажетті пайдалы ақпарат алады. Қатысушылар тұлғалық даму саласындағы білімдерін жетілдіреді, қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша диалог алаңына қатысады. Белсенділер облыстың жетекші тәлімгерлерінен соңғы тренингтерінен өтеді.
Белсенді жұмыс күнінен кейін лагерь қатысушыларына кешкі бағдарлама ұсынылады. Оларды авторлық квест, дискотека және ұйымдастырушылардан арнайы бағдарлама күтуде.
«Жыл сайынғы жоба белсенді азаматтық ұстанымы бар жастардың бас қосып, жарқын идеялармен бөлісуінің, жастар саясаты саласындағы трендті жаңалықтарды бір-бірінен үйренуінің қаншалықты маңызды екенін қайта дәлелдеп отыр», – дейді ҚО ЖРО директоры Абай Дүйсеков.
Бір сағат бұрын биылғы мерейтойлық лагерьдің салтанатты ашылуы өтті. Белсенділер жаңа ашылуларға дайын болса, ұйымдастырушылар өз тарапынан жас көшбасшыларға жұмыстағы ең маңызды нәрселерді беруге дайын екенін атап өтті.