Өз алаңында ұпай жоғалтты
Премьер-Лиганың кезекті 7 турында Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдап 0:2 есебімен жол берді.
Бірінші таймның 41-ші минутында А.Петухов қақпасының алдында болған қапылыста Данило есеп ашты.
Ойынның екінші бөлігінде алаң иелері таблодағы есепті теңестіруге тырысқанмен, одан еш нәтиже шыққан жоқ. Керісінше, қонақтарн «Тобылдың» қорғанысын бұзып-жарып өтіп, әлсін-әлсін қауіп туғызумен болды. Осындай ұрымтал сәттердің бірінде Сергей Хижниченко өзіне бағытталған допты сәтті пайдаланып, А.Петухов қақпасына сүңгітті де жіберді. Қорытынды есеп 0:2. Өкінішті!
Енді жерлестеріміз 19 сәуір күні «Таразға» қонаққа барады.



Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков