Алимент төлемегені үшін қамауға алынды
Өз балаларын тәрбиелеуден бас тарқан ата-аналар саны күн сайын артып келеді. Олармен қоса алимент төлемей жүргендер қатары да толығуда.
Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясында ана мен бала құқығын бұзуға бағытталған қылмыстарға және осы саладағы заңнама бұзушылыққа қатысты жазаны қатайту туралы айтылған еді. Осыған байланысты Қарасу аудандық прокуратурасы борышкерлерді заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту жұмысын тоқтатқан емес.
Жақында, құзырлы орган алимент төлемей жүрген В. атты азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғады. Аудандық сот үкімімен борышкер әкімшілік құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, қамауға алынды.
Осындай ұқсас дерек бойынша прокурорлық шара қолдану нәтижесінде, қамауға алу әкімшілік жазасына тағы бес алименттен жалтарушы кесілді.
Махаббат Бекбай