Студенттермен кездесу

Бүгін Қостанайда Жастар ресурстық орталығында ашық есік күнін өткізді. Орталыққа А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің 1-2 курс студенттері қонақта болды."Жалпы кездесудің мақсаты біздің орталықтың жұмысымен танысу болды. Орталықтың 5 секторының жұмысы, бүкіл облыс аумағындағы волонтерлік қызмет жөнінде толық ақпарат берілді. Мемлекеттік бағдарламалар түсіндіріліп, оның аясында жұмысқа орналастыру шарттары және жастар практикасы тұрғысында түсіндірілді. Сондай-ақ, заңгерлер мен психологтрдан тегін консультациялар алу жосығы, сонымен қатар біздің жалпы жобаларымыз туралы таныстырылды", – дейді Жастар бастамалар секторының маманы Айгерім Сейілханова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓