Волейболдан ел чемпионаты тартысты өтуде
Естеріңізге салсақ, Затобол кентіндегі «Астана» спорт кешенінде волейболдан «Б» жоғарғы лигасының ел чемпионаты өтіп жатыр. Екінші күннің қорытындысы бойынша қостанайлық спортшылар көш басында.
«Қостанай-Динамосы» командасы «Алматы-ҚазНАУ» командасымен жарыс алаңында кездесті. Бас төреші Ирина Кабылбекованың сөзінше матч тартысты өтті. Командалар бір немесе екі ұпаймен ғана басымдылық танытып отырған. Дода соңында қостанайлық спортшылар үш партияда 50 ұпай жинап, жеңіске жетті.
Сонымен қатар, бұл күні «Тараз-ТарГУ» (Тараз қаласы) және «Қорқыт Ата-КМУ» (Қызылорда қаласы) волейболшылары бақ сынасты, есеп 3:2. «Астана-ВЖДО» (Астана қаласы) және «ТНК-Казхром-2» (Хромтау қаласы) болған ойын 0:3 есебімен аяқталды.
Чемпионат 18 сәуірде өз мәресіне жетпек. Дивизион жеңімпазы «А» жоғарғы лигасына қосылуға немесе Ұлттық лига құрамына кіруге ұсыныс жасауға құқылы.

Махаббат Бекбай