Таңат “Тобылға” ауысты

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Таңат Нөсербаев «Тобылға» ауысты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.20180328151210Шымкент футбол мектебінің түлегі Таңат Нөсербаев қостанайлық командаға бір жылға жалға алынды. Ол 79-нөмірмен алаңға шығатын болады.
Жалпы, 2005 жылы жергілікті «ААЭиС» әуесқой клубындағы жарқын ойынымен көзге түскен Таңат «Ордабасының» жастар командасына ілігеді. Кейін, 2006 жылы негізгі құрамда алғашқы кездесуін өткізіп, аз ғана уақыттың ішінде «Ордабасының» ең басты шабуылдаушысы болып қалыптасты. 2008 жылы Қазақстанның жастар құрамасында алғашқы кездесуін өткізді. Польшамен болған ойында Таңат дубль жасады. 2008 жылдың қазанында Қазақстанның Ұлттық құрамасында алғашқы матчына шықты. Уэмбли стадионында Англия құрамасына қарсы кездесудегі Таңаттың өнері футболсүйер қауымның жадында. Сол жылы Т.Нөсербаев ҚР Премьер-Лигасының үздік ойыншыларының қатарына енді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓