Ең үздік, ең мықты…

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы Тобыл қаласындағы «Астана» спорт кешенінде Қостанай облысының салалық және жергілікті кәсіподақтары арасында екінші облыстық спартакиада өткізді.Спартакиада кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын дамыту және насихаттау, спорттық дәстүрлерді нығайту, ұжымдар ішінен мықты командаларды анықтау мақсатында өткізілді. Сондай-ақ, спорт додасы Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққарсы күрес күніне орайластырылды.
"Спартакиадаға қатысу – салауатты өмір салтын қалыптастырудағы белсенді өмірлік ұстанымның, алға қойған мақсатқа жетуге деген ұмтылыстың көрінісі", – деді ашылу рәсімінде сөз сөйлеген кәсіподақ орталығының төрағасы Ирина Аронова.Жарыс спорттың 3 түрінен өтті, Командалар армрестлинг, үстел теннисі және волейболдан сынға түсті. Жеке есепте жарыстың барлық жеңімпазына құрмет грамоталары мен медальдар табыс етілді.Спартакиада қорытындысында, жалпы командалық есепте III орынды «Ақпарат, коммуникациялар және байланыс қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ облыстық филиалының командасы иеленді. II орынды «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облыстық ұйымы» филиалы жеңіп алды. Ал І орын «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы" ҚБ-не бұйырды. Жеңімпаз команда Қостанай облысының АКБ ауыспалы кубогының иегері атанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓