Көшемізден көрік кетті
Мен көпбалалы анамын. Айтайын дегенім, биыл көктем келісімен көшемізбен жүру мұң болып қалды. Өткен жылы ауылымызға "Ақбұлақ" бағдарламасы арқылы ауыз су келіп мәре – сәре болып едік. Алайда, "Бір жақсылықтың бір жамандығы қоса жүреді" деген рас екен. Үйімізге су келгенімен, есесіне көшеміз адам көргісіз ми батпаққа айналды.
Оның себебі бұрынғы таптаурын жер қазылып, қопсығаннан кейін белуардан балшыққа баттық. Мұның өзі "Тоқал ешкі мүйіз сұрап құлағынан айрылыпты"дегеннің кері болып тұр. Әсіресе, мектепке баратын балаларымызға обал. Қарт кісілер де жүріп – тұрудан қалды.
Енді кімнен көмек күтерімізді білмейміз. "Жұмысты жоспарлағандар осылай боларын біледі ғой. Япыр – ай, ең болмаса қиыршық тас төсеп кетсе қайтеді екен?" деп ел реніштерін білдіруде.
Гүлбану Қуандықова, "Нефтебаза" поселкесінің тұрғыны
Арқалық қаласы.
Мына жер коркынышты екен