«Өнер барысы» анықталды

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Қостанай» спорт кешенінде облыстағы танымал әнші, асаба, актерлердің арасында «Өнер барысы» қайырымдылық турнирі өтті. Қазақ күресінен өткен жарыс «Дерек» қоғамдық қоры мен облыстық мәдениет, спорт басқармаларының қолдауымен ұйымдастырылды.IMG_5857
 
IMG_5988
IMG_5992Турнирге 20-40 жас аралығындағы отыздан астам әуесқой спортшы – бүгінде Қостанай сахнасында жүрген бір топ саңлақ жігіттер қатысқанын айта кеткен жөн.
Түскен қаржы Жанкелдин ауданының орталығында тұратын сегіз жасар Ақерке Жексенбайға көп функциялы есту аппаратын сатып алуға жұмсалатын болады.IMG_5863
 
IMG_5867
IMG_6098Сонымен, бозкілемге шыққан әуесқой палуандар түрлі салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты. Былайша біле бермейміз, өнерде жүрген жігіттер де кәнігі спортшылардай белдесе алады екен. Оған тұңғыш турнир барысында анық көз жеткіздік. Нағыз бүгінгінің сал-серілері арасында өткен дода болды десек те жарастындай.IMG_5962
 
IMG_6028
IMG_6043
IMG_5985
IMG_5957
IMG_6016
IMG_5913
IMG_5897Екі топқа бөлініп белдескен палуандар арасында 65 келіден жоғары салмақта Талғат Әлқожа  бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Қаныбек Әли еншіледі. Үшінші орынға Дастан Беков жайғасты. Ал ауыр салмақта белдескен топ арасынан Ерлан Қасымов суырылып алға шығып, «Өнер барысы» белдігін жеңіп алды. Еркебұлан Құрметов тиісінше екінші орынды еншілесе, Бағдат Нұрмұхамбетов жүлде көмбесінің үшінші сатысына көтерілді.IMG_6102
– «Рухани жаңғыру» дегеніміз – ескерткіш орнату, иә болмаса ағаш егу емес, ол сананың жаңғыруы. Бүгінгі турнир осындай мақсатта ұйымдастырылғанын айта кету керек. Жобаны қолға алған Төленді Әлқожин тәрізді азаматтар арамызда көп болғай. Сонда ғана ұлттық өнер, ұлттық спорт дамитын болады, – деді турнирдің салтанатты марапаттау рәсімінде облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.IMG_6144
IMG_6122
IMG_6128
 
IMG_6148
IMG_6157Айтпақшы, «Өнер барысын» қолдауға Алматыдан Серікболсын Кішкенбаев пен Ернар Садырбай тәрізді эстраданың жұлдыздары келіп, жанкүйерлер алдында өнер көрсетті. Осылайша, олар да кішкентай Ақеркені қолдауға шама-шарықтарынша өз үлестерін қосты.IMG_5875
 
IMG_5626Толығырақ газеттің алдағы нөмірінен оқи аласыздар.IMG_6163
 
IMG_6138Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓