Рудный қаласының полицейлері ұрыны құрықтады

Кеншілер қаласының 92-жасар тұрғынының үйіне белгісіз біреу есік қағады. Өзін газ қызметінің жұмысшысы ретінде таныстырған ер адам үйге кіреді. Пәтер иесінің қарт кісі екенін және көзі дұрыс көрмейтінін аңғарғады. Сөйтіп үйді тонамақ арам ойын жүзеге асырады. Пәтер иесін алдастырған болып, оның 7 мың теңге ақшасы мен құжаттарын ұрлап әкеткен.http%3A%2F%2Fstoptheburglar.ie%2Fwp-content%2Fuploads%2F2012%2F04%2Fshutterstock_10542856
Ақша мен құжаттың жоғалғанын зейнеткердің көршісі байқап қалып, полицияға хабарлаған. Дереу іздеу іс-шаралары ұйымдастырылып, күдікті ұсталды. Қарияның мүлкіне қол салған Рудный қаласының 24-жасар тұрғыны болып шықты.
Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓