Тіл тірегі – көркемсөз

Ә.Боранбаев атындағы кинотеатрда "Арқалық қаласы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы" КММ –нің ұйымдастыруымен көркемсөз оқу шеберлерінің О. Бөкей атындағы қалалық байқауы өткізілді.

оралхан

Байқауды 2013 жылғы облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Шыңғыс Кенжалиев автордың «Қар қызы» туындысымен ашты.
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талантты жастарды іздеп табу мақсатында өткізілген байқауға 16 – 20 жас аралығындағы жоғары, орта оқу орындары студенттері және мектеп оқушылары қатысып, әдебиеттің үш жанрында – прозалық, драмалық және поэзиялық шығармаларды мәнерлеп оқудан бақ сынасты.
Нәтижесінде бірінші орынды Жансая Сексенбай (№6 мектеп), екінші орынды Жетібай Көбей (АрқМПИ) иеленіп, екі үшінші орындарды Гүлнар Әбжанова (гуманитарлық колледж) мен Әсемгүл Сейітхан (ТАТК) бөлісті.
Қатысушылар мекеменің алғыс хаттарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Байқау жеңімпазы алдағы күзде Қостанай қаласында өтетін облыстық байқауға жолдама алды.

Мұрат Жүнісұлы

Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓