Төрт түлікке төр болған
Тобыл өңірінде мал басы неге төмен?
Мал шаруашылығын дамыту, ата бабаларымыздан қалған мұра – ұлттық жоба. Мұны Елбасының өзі де айтып жүр. Соңғы үш жылда облыста мал басының өсімі байқалады. Сәйкесінше ет, сүт өндірісі де ұлғая түскен. Мәселен, ішкі жалпы өнім 12,2 млрд. теңгеге жетті. Ал өңірде мүйізді ірі қараның саны 424 мыңға өскен. Яғни өткен жылмен салыстырғанда 2,9%-ға артқаны байқалады. Оның 184 мыңы сауын сиыр. Қой мен ешкі 7,5% (418 мың), жылқы 7,3% (94 мың), шошқа 3,3%-ға (151 мың) көбейіпті.
Жалпы, өңірде мал өнімдерін ұқсату жақсы көрсеткішке ие. Нақтылай айтсақ, ет 3,2% (18,5 мың. тонна), сүт 4,7% (40,5 мың. тонна),жұмыртқа 55%-ға (71 млн.дана) өсті.
-Дегенмен, кейбір аудандарда мал мен құстың саны азайып кеткен. Денисов ауданында қара мал 9%-ға, талпақ танау 28%-ға, құс 1,4%-ға кеміген. Ұзынкөл ауданында шошқа 17%, жылқы 20%, қой мен ешкі 1,1%, құс 43%-ға, Меңдіқара ауданында шошқа н 5%, құс на 10%-ға төмендеген. Арқалық қаласы мен Қамысты, Алтынсарин аудандарындағы жағдай да осы тақылеттес. Аталған аудандарда ет, сүт, жұмыртқа өндірісінің көрсеткіші көңіл көншітпейді,-дейді облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыпов.
Біздің облыс төрт түлік өсіруге аса қолайлы өңір. Яғни,мал басын өсіру арқылы өнім көлемін арттыруға мүмкіндік мол. Ол үшін селекциялық жұмыстарға басты назар аударып, мал басын асылдандыруға ден қою қажет. Бұған мал шаруашылығын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың тигізер ықпалы зор. Сайып келгенде кез келген кәсіпкерге «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік бар.
Облыс әкімі Нұралы Садуақасов аудан, қала әкімдеріне мал және мал өнімдерінің төмендеп кеткенін анықтап, қолдағы барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануды тапсырды.
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ