Қаладағы көшпенді тірлік
Қала тіршілігінде пәтерден-пәтерге көшу таңсық құбылысқа жатпас. Себебі ұзақ жылдар өзгенің шатырын паналап, жалақысын жалдамалы пәтерге жұмсайтын жас отбасылар жеткілікті. Басыбайлы баспанасы жоқ адамдардың пәтер жалдап күн көрмесіне амал жоқ. Осы орайда, "жалдамалы пәтерлердің ай сайынғы бағасы қандай?" деген ой келеді. Меншігіндегі баспананы басқаға беріп, ақшасын алып отыратын адамдар мемлекетке салық төлейді ме? Әлде сағаттап ақша тапса да салық төлеуден жалтара ма? Көкейде жүрген осынау сауалдардың жауабын іздеген едік.
Пәтерді жалға беру қалалықтар үшін таптырмас кәсіп көзі. Яғни, артық пәтерді жалға беру арқылы пайда түсіруге болады. Ең бастысы, пәтерді жалға беруші адам жергілікті жердегі салық инспекциясында тіркелуі тиіс. Салықтан жалтарғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
– Қаладағы жалға берілетін пәтерлердің санын анықтауды қолға алдық. Көлеңкелі кәсібін дөңгелеткендерді табу қиынның қиыны. Десекте пәтер бизнесінде салықтан жалтаратындарды анықтап, міндетті түрде салық есебіне алатын боламыз, – деді Қостанай қаласы бойынша салық басқармасының шағын және орта кәсіпкерлердің субъек-тісін әкімшілендіру бөлімінің басшысы Иван Васильев.
Өткен жылғы көрсеткішке сай, Қостанай қаласында жалға беру және жекеменшік, жалдамалы мүлікті пайдалану, жылжымайтын мүлікті сатып алу, сату және жалға беру секілді қызмет түрімен тіркелген заңды және жеке кәсіпкерлердің саны l740-қа жеткен. Ал 20l3 жылы l480 кәсіпкер тіркелген. Шаһарда пәтер жалдаушылардың саны бірқалыпты деңгейде. Олардың саны әр маусымда өзгеріп отырады. Мәселен, күз мезгілінде жалдамалы пәтерге сұраныс артады. Себебі, жаңа оқу жылы басталысымен қалаға студент-тер ағылады. Жатақханадан орын бұйырмаған студенттер амалсыз пәтер жалдайды. Бұл маусымдық құбылыс. Жаз айларында пәтерге сұраныс бірқалыпты, тек күзде көбейеді екен.
Жалдамалы пәтерлердің бағасы әртүрлі. Пәтердің орналасқан аудандарына байланысты бағасы өзгеріп отырады. Мысалға, қаланың орталығында бір бөлмелі пәтерді жалға алу 40-55 мың, тіпті 70 мыңға дейін барады. Шаһардың шеткі жағындағы аудандарда 35 мыңнан басталады. Екі бөлмелі пәтер 60-70 мыңға дейін. Еуро ремонт жасалғанын 90 мыңға табасыз. Осылайша пәтер жалдау бағасы бөлме санына, ішкі жөндеуіне, бөлменің аумағына қарай шарықтап кете барады. Үш бөлмелі пәтер 65-70-100 мың теңгеге дейін барады. Бөлменің аумағы кең, еуро ремонт жасалғандары 200 мың теңгеге дейін жетеді.
– Жалдамалы пәтерлердің бағасы өте қымбат. Біз бағаның өзгеруіне әсер ете алмаймыз. Себебі бағаны үйдің иесі белгілеп қояды. Үй иелерінің айтуынша, коммуналдық төлемдер мен азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты жалдамалы пәтерлердің бағасы да артады. Қазір пәтер жалдаушыларға қарағанда сатып алушылар көбейді. Үй сатып алушылардың дені ауылдан қалаға көшіп келгендер, – деді "Шахар" жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Айгүл Сейітова.
Пәтерші (квартирант) мен жалға берушінің арасын байланыстыратын маманды риэлтор дейді. Мұндай қызметті жылжымайтын мүлік агенттіктері де жүзеге асырады. Арадағы делдалдар өз қызметтері үшін пәтер құнының 10%-ын алады. Қостанайда бір күннің ішінде 5-6 адам жалдамалы пәтер іздеп жылжымайтын мүлік агенттіктеріне хабарласады екен.
–Біздің отасқанымызға екі жыл болыпты. Жолдасым, екі жасар ұлым және мен, үшеуміз қалада пәтер жалдап тұрамыз. Бір бөлмелі пәтерге айына 35 мың төлейміз. Үй қаланың шетінде орналас-қан. Сондықтан бағасы арзандау, – дейді Салтанат Мұстафина.
Қаладағы күйбең тірші-ліктің бір көрінісі осы. Бірі тапқан-таянғанына пәтер жалдап күн көруде. Ал енді бірі артық пәтерін өзгеге беріп пайда табуда.
Қымбат
ДОСЖАНОВА