Мобильдік ХҚКО – ауылдарда

Өткен жылдан бері өз жұмысын бастаған мобильдік «Халыққа қызмет көрсету орталығы» биыл да сол үрдісті жалғастыруда. Соның нәтижесінде шалғай жатқан ауылдардағы ағайынға мемлекеттік қызмет көрсетіліп, жан-жақты кеңес берілуде.SONY DSC
Айталық, 2014 жылы аудандық ХҚКО өңірдің 25 ауылын аралап, барлығы 825 адамға жәрдемдескен. Ал биыл бұл көрсеткішті одан да еселей түсуді көздеп отыр.
Өткен аптада ауданның мобильді тобы Большие Дубравы ауылында болып, тұрғындарға жылжымайтын мүлікті тіркеу және басқа да құжаттарды дайындау үлгісін түсіндіріп, көкейтесті сауалдарына жауап берді. Барлығы – 44 адамға қызмет көрсетті.
-Биылдан бастап біз де мобильдік ХҚКО-ның құрамына кірдік. Енді азаматтар маңызды әлеуметтік қызметтер, жергілікті жерден жәрдемақы дайындау мәселесі және зейнетақы төлемдері туралы білу үшін мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы қызметкерлерінің көмегіне жүгіне алады. Большие Дубравы ауылының тұрғындарының дені осы төңірегінде сауалдарын қойды, – дейді МЗТО басшысы Гүлшат Жұбанова.
Жалпы, алдағы уақытта мобильдік ХҚКО белгіленген кесте бойынша басқа да ауылдарға барып, жұмыс жасайды.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓