Соғыс ардагерлеріне көмек әрі құрмет

Бүгінгі күні облыс бойынша 342 соғысқа қатысқандар және соғыс мүгедектері мен 11 мыңға жуық тыл еңбеккерлері бар. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында олардың бірі де назардан тыс, ұмыт қалып жатқан жоқ. «Ардағым ардагерім» акциясы аясында ҰОС қатысушылар мен мүгедектердің тұрмыс жағдарйлары зерделенді. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша баспанаға мұқтаж  тоғыз майдангердің  төртеуіне пәтер берілді. Ал бесеуі облыс бойынша басқа жерлерге қоныс аударуына байланысты сол елді-мекендерден берілмек. Аудан мен қалалар әкімдері биыл баспанасыз ардагерлер толық үйлі болады деп сендіріп отыр.2015011911580531491_13051320mustafaev_1
Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Ерлан Жаулыбаевтың сөзіне сүйенсек, 9 мамырға дейін 101 ардагердің үйіне жөндеу жұмысы жүргізілмек. Оған 867 мың теңге көлемінде қаржы жұмсалмақ.699c042976e360f3df5ff209a42ecc03
Сонымен  қоса, биыл аталмыш санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында жергілікті бюджеттен 480 млн.теңге көлемінде қаржы жұмсалмақ.  Ай сайынғы тұрмыстық мұқтаждықтарға үшін төлем, бір жолғы материалдық көмекті есептей келе, 2015 жылы бір ардаргерге 488 мың теңге қарастырылып отыр.
Ұрпағына Ұлы Жеңісті сыйлаған қарттарға бір жолғы материалдық көмек көрсету және Астанада өтетін шеруге қатысу үшін республикалық бюджеттен 326 млн.теңгеден астам қаржы бөлінді. Айта кету керек, Тобыл өңірінен Елордада өтетін ауқымды шараға 22 адам қатысады, олардың 17-і ардагерлер.
Қостанай облысынан баратын делегация бір келкі киім киіп салтанатты шеруге қатысады. Ардагерлерді Астанаға салтанатты түрде шығарып салу және қарсы алу жоспарланып отыр.
 
Махаббат Бекбай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓