Жігіттерге не сыйлауға болады

Алда 7 мамыр – елімізде Отан қорғаушылар күні аталып өтіледі. Бұл мейрам ел арасында "ер азаматтардың мерекесі" болып аталып кеткен.жігіттерне сыйлық
Қыз-келіншектер ер азаматтарға сыйлық тарту ету кезінде өте талғампаз келеді. Ең бастысы, кез келген сый жігіттердің көңіл-күйіне жағатын зат болу керек. Бір қарағанда ер-азаматтарға сыйлық алу оңай секілді болып көрінгенімен, таңдап кеп қалғанда кейде тығырыққа тірелетін кездер де болады. Осы орайда барша әйел заты ер азаматтарға қандай сыйлық ұсыну қажеттігі жөнінде аз-кем ақыл қоссақ дейміз.
Сыйлық сыйлауды ойланғанда, алдымен неден қашу керек? Алдымен үй жануарларынан бас-тасақ. Ер адамдар үйдің ішкі жұ-мысын жақтыра бермейтіндіктен, үй жануарларын бағуды мойнына алуға мүлде қарсы болуы мүмкін. Екіншіден, жұмсақ ойыншықтар. Ерекше сыйлық ретінде ұсынамын деп, өзін қыз секілді сезінген ер-азаматтың көңіл-күйін бұзуыңыз да әбден мүмкін. Үшіншіден, ақша беруден қашыңыз. Ақша сыйға тартудың салдарынан ер-азаматтың беделін басып, ақшасы жоқ адам ретіндегі ниетіңізді  білдірген  жан ретінде қабылдауы мүмкін. Ер мен әйел психологиясының арасы жер мен көктей.
Сонда не сыйлаған дұрыс?
Қандай да бір затты өлшеуге арналған құралдар. Мысалы, термометр, барометр деген сияқты. Мұндай құралдар бірден есте қалатын ерекше сыйлықтардың қатарына жатады. Олардың кейбірінің құны кәдімгідей қымбат, ал кейбірі тіптен арзан. Мысалы, неге оған барометр қажет, ол теңізші емес қой деп басыңызды қатыруыңызға да, жай ғана сатып алып, сыйлық қып апарып беруіңізге де болады.
Өзін әскер не аңшы ретінде сезіндіретін құралдар. Әсіресе, әскерге барып келген жігіт үшін әскери сыйлықтар сай келмек. Мысалы, карта, компас, дүрбі деген сияқтылар. Рация, ұялы телефондар тіптен керемет сыйлық!
Спорттық құрал-саймандарды да ұялмай сыйға тартсаңыз болады. Гантель, грушалар да тамаша сый.
Көліктің құрал-жабдықтары. Жігіттеріміз машинаны қыздармен бірдей жақсы көрмесе, кем көрмейді. Әрине, қалжың. Дегенмен, еркектердің өмірінде машина аса зор рөл атқарады. Мұндай сыйлықтарды алуда өзіңіз де машинаның "тілін" жақсы білгеніңіз де дұрыс немесе көліктің құрал-жабдықтарын жақсы білетін таныстарыңыздың көмегіне сүйе-ніңіз.
Кітап. Кітап кім-кімге де таптырмас сыйлық. Әсіресе, өзі сүйіп оқитын жазушысының кітабын сыйласаңыз жақсы сыйлық болмақ.
Естелік заттар (сувенир). Әдетте, бір жерге барсақ, міндетті түрде өзімізге қымбат жандар үшін сыйлық әкелуді ұмытпаймыз. Сол елдің дәстүрін айқындайтын, салтын көрсететін сыйлықтар әлбетте кім-кімге де ұнайтыны сөзсіз. Ер адамдарға да сувенирлерді қысылмай беруіңізге болады.
Қалтаңыз қалың болса, бұдан да қымбат сыйлықтар алуыңызға болады. Жалпылай қарап отырып, санамалап шықтық. Дегенмен, бәрі де сыйлық беретін адамыңыздың талғамына байланыс-ты екенін есте ұстағаныңыз абзал.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓