Кәмілетке толмаған баласына дұрыс қарамағаны үшін айыппұл төлейді

LmurhDCnCDkЖітіқара ауданының 17 жасар тұрғыны түнгі сағат 23.00-ден таңғы 6-ға дейін үйінде болмаған. Заң бойынша түннің бір уағында кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірім заңды өкілдің ілесуімен бірге ғана жүруі тиіс. Баласының жүріс-тұрысын қадағаламағаны үшін  жасжеткіншектің анасы жауапқа тартылды. Сот үкімімен Жітіқара ауданының 43 жасар тұрғыны  әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді ол 20 811 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.
Айта кету керек бұл азаматша оның алдында да бір жыл бойына осы себеппен әкімішілік жазаға кесілген болатын. Бірақ әлі күнге дейін баласының тәрбиесі әйелді алаңдар емес.  
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓