Қоғамдық жұмыс істейтін болды

Облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, Қостанай облысының Науырзым ауданының тұрғыны марихуана тартқаны үшін 60 сағат қоғамдық жұмыс істеу түріндегі жазаға тартылды.

Науырзым аудандық соты ҚР ҚК-нің 296-бабы 1 бөлігі (есірткі затын медициналық емес қолдану) бойынша қылмыстық әрекетті жасаған азамат Д.-ға қатысты істі қарады. Полиция қызметкерлері 14 маусымда сағат 19.00 шамасында қоғамдық орында есірткі затымен толтырылған шылымды шеккен 25 жастағы Д.-ны тоқтатқан.

Істі қараған аудандық сот ауыл тұрғынын қылмыстық әрекетте айыпты деп танып, оған 60 сағаттық қоғамдық жұмыс істеу түрінде жаза тағайындады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓