“Ғаламшар – ортақ үйіміз”
«Нұр Отан» партиясы Арқалық қалалық филиалында қалалық «Жастар бастамалар орталығының» ұйымдастыруымен «Невада – Семей» қозғалысына 25 жыл толуына орай дөңгелек үстел өткізілді.
Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Ақан, ұстаз Ж. Ғапбасұлы, қалалық мешіттің бас имамы Б. Уәлиев, аталған орталықтың жетекшісі А. Ахметжановтар еркін пікірталас алаңында студент жастармен бірге ядролық сынақ зардабтарын кеңінен талқылады. Жиын барысында сөз сөйлегендер еліміз үшін қаншама қасірет әкелген «Семей ядролық полигонын жабу туралы» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы 29 тамызда Жарлығының қаншалықты маңызды екенін ерекше атап өтті. Нақты дерек көздеріне зер салатын болсақ, қазақ даласы сынақ алаңына айналған сонау қатерлі жылдары 498 рет жарылыс ұйымдастырылыпты. Солардың 340 – ы жер астында болса, 88 – і ауада, 30 – ы жер бетінде жарылған.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы