Тариф бағасының өзгеруін түсіндірді

Облысымызда су және жылу бағасы жыл сайын өзгеріп отырады. Оның себебі мен салдары қандай? Тариф бағасының түрленуін түсінбеген тұрғындар «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалына шағымданған. Партияның қоғамдық қабылдауына маусым айында осы мәселеге қатысты он екі өтініш келіп түскен. Азаматтардың сауалдарына жауап беру үшін партияның баспасөз орталығында брифинг өтті. Оған «Қостанай-Су» МКК бас инженердің орынбасары Виталий Панаетов пен «КТЭК» МКК директоры Асқар Бекпағанбетов қатысып, тариф бағасын тұрақтандыру мақсатында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.ктэк
Energyprom.kz сайтының мәліметі бойынша, республикада элект энергиясының ең қымбат бағасы Алматы және Қостанай қалаларында тіркелген. Тарифтер электр энергиясын тұтыну көлеміне байланысты сараланады. Әр аймақтың өз талаптары бар. Облыстағы коммуналдық мекемелер Еуропалық қайта құру және даму банкінен несие алған. Несиеге алынған қаражат өңірдегі сумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға жұмсалмақ. «Қостанай-Су» МКК 2017-2019 жылдары аралығында 22 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жоба аясында сумен жабдықтау жүйесі мен канализация желілерін, су сорғыларын жаңарту жоспарланған.  Ескірген желілер, қазандықтар мен құбырлардың орнына жаңасын орнату ойда бар. Аталған жұмыстар жоспар бойынша жүзеге асады. Коммуналдық мекеме қарызға алынған қаржыны қайтару үшіне тарифтерді жыл сайын өзгертуге мәжбүр. Яғни, негізсіз құбылып жатқан баға жоқ. Алдағы уақыттары судың бағасы бірден қымбаттамайды. Кезең-кезеңімен өсіп отырады.ктэк
«КТЭК» МКК-дағы жағдай да осыған ұқсайды. Коммуналдық мекеме Еуропалық қайта құру және даму банкімен несиелік келісім-шартқа қол қойды. Қазіргі уақытта мекеме инвестициялық бағдарламаларды жасап жатыр.
-Жылу бағасы қымбаттауын тікелей мағынада түсінуге болмайды. Себебі бағамен қатар жылуды тұтыну көлемі, тұүтынушылардың саны да көбеюде. Осы жайды ескерген жөн. Қостанайдағы жылу бағасының өзге аймақтардан айырмашылығы, мұнда бюджеттік мекеме мен заңды тұлғаға бірдей мүмкіндік берілген. Мен бұған дейін Қызылорда облысында жұмыс істедім. Онда бюджеттік мекеме мен заңды тұлғалар жылуға әртүрлі бағамен төлейді,-деді «КТЭК» МКК директоры Асқар Бекпағанбетов.   
Бұл кездесу партияның баспасөз орталығында өткен үшінші брифинг. Аталған іс-шараның мақсаты «Айқын тариф» партиялық жобасы аясында тұтынушыларды ақпараттандыру екенін атап өтейік.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓