Құрметті атаққа кім лайық?
Облыстық мәслихаттың 20-сессиясында "Қостанай облысының құрметті азаматы" атағын беру мәселесі қарастырылды. Бұл мәртебеге үміткер жандарды облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ұсынған.
Аймақ басшысының ұсынуынша, аталған атаққа лайық бес адам бар. Олар – ҰОС ардагері, жыршы-термеші, ардагер журналист Қасымхан Алдабергенов, ақын-жазушы, ҚЖО мүшесі, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ профессоры Ақылбек Шаяхметов, "Москалевский" ЖШС директоры Зейнулла Жаңбыршинов, қоғам белсендісі Бағила Баймағамбетова және "Железнодорожное-АМФ" ЖШС директоры.

"Барлық үміткер Қостанай облысы халқы үшін үлкен абыройға ие жандар екенін айта кету керек. Олардың әрқайсысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына елеулі үлес қосқан. Барлық кандидатура облыстық мәслихаттың және қоғамдық кеңестің тұтақты комиссиясының бірлескен отырысында қаралып, бірауызадн мақұлданды", – деді облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Бибігүл Аққожина.
Басқарма басшысы "Облыстың құрметті азаматы" атағының үміткерлерін жанжақты таныстырып өтті.





Облыс мәслихатының депутаттары оларды құрметті азамат атағына ұсынуға бір ауыздан қолдап дауыс берді.