Қазақстандық «iTys» хат-хабар алмасу қосымшасына тіркелгендер саны артуда
Қазіргі, ғаламторға жіпсіз байланған заманда адамадар бір-бірімен бетпе-бет кездесіп, сырласудан қалып барады. Қолымыздан түспейтін ұялы телефонымыз арқылы хабар алмасып, амандықты біліп отыратын болды. Күн сайын қызмет көрсету сапасы бірінен-бірі өткен әр түрлі қосымшалар пайда болып жатыр. Әр кім өз талғамына қарай таңдау жасай алады.
Қазақстанда да «iTys» хабар алмасу қосымшасы пайда болды. Өткен жылдың қараша айынша бұл жобаның тұсау кесері болған еді. Қазір 100 мыңнан астам қазақстандық «iTys» арқылы байланысқа шығып отыр.
«iTys» бірінші отандық месенджер. Айта кету керек шетелдік WhatsApp, Viber, Messenger сияқты кең таралған қосымшалардан еш кем түспейді. Қосымша ұлттық нақышта безендірілген. Тақиялы смайлдар адамның көңіл күйін де шынайы жеткізеді.
«iTys» қосымшасын www.itys.kz және Play Маркеттен тегін жүктеп алуға болады. Алдағы уақытта «iTys» жаңартылып, тегін дыбыстық хабарлар, қазақ тіліндегі қателерді түзеу қызметі қосылады. Сонымен қоса, ұлттық нақыштағы анимациялық стикерлер енгізіледі.
Қазақстанда жасалған «iTys» қосымшасынмен жағымды хабарлармен алмасып, айтысайық.
Махаббат Бекбай