Ардагердің қабіріндегі құлыптасты қиратқан кім?

Қостанай қалалық зиратына жерленген Ұлы Отан соғысының ардагері Петр Горбачевтің қабіріне қойылған құлыптасты белгісіз бұзақылар қиратып кеткен. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер департаментінің өкілі Әділбек Нұрмахин мәлімдеді.
құлып тас
Оның айтуына қарағанда, дүние салған ардагердің туыстары зират басына келгенде сұмдық жағдайға тап болады. Ардагер мен оның жұбайы жерленген қорымдағы мәрмәр тақталар қирап жатқанын көріп, тәртіп сақшыларына хабарлайды. Қазіргі таңда естіген жанның жағасын ұстатқан оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалады.
Мешіт Ғазиз

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓