Сайлау процесіне бақылау жасамақ
Қостанайда Қазақстан Республикасында 2015 жылғы 26 сәуірде өтетін Президент сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның филиалы өз жұмысын бастады. Бұл туралы облыстық баспасөз клубында өткен журналистермен кездесуде айтылды.
Аталған комиссияның мақсаты – ҚР «Сайлау туралы» Заңының сақталуына бақылау жүргізу. Яғни, сайлаудың заң талаптарына сәйкес өтуін қадағалау. Республикалық комиссия 26 наурызда Астана қаласында өз жұмысын бастаған болатын.
-Мұндай филиалдар еліміздің барлық өңірлерінде құрылды. Олар сайлаудың әділ өтуін, учаскелік комиссиялардың, сайлауалды штабтардың сайлау заңдылығын сақтауын қадағалайды,-деді республикалық қоғамдық комиссиясы облыстық филиалының төрайымы Тамара Жақыпова.