Меморандумға қол қойды
Өзара әлеуметтік-экономикалық ықпалдастықты нығайту мақсатында облыс әкімдігі мен "Варваринское" АҚ меморан- думға қол қойды. Бұл жолы кәсіп-орын әлеуметтік саланы жаңғыртуға 115 млн.теңге бөлмек. Қаражат спортты дамытуға, амбулаторияларды медициналық қондырғылармен жарақтандыруға жұмсалатын болады. Оның үстіне биыл өндіріс ошағы Лисаков қаласындағы бокс клубына ринг сатып әперуге уәде етті.
Жалпы, 2010 жылдан бері облыс әкімдігі мен "Варваринское" АҚ арасында әлеуметтік-экономикалық байланысты нығайту әрі әлеуметтік саланы жаңғыртуға қатысты бірнеше мәрте келісімдер жасалды. Соның арқасында кәсіпорын Қостанайдағы №7-ші бөбекжайға, Таран ауданындағы мектептер мен орталық ауруханаға, Май ауылындағы "Аят" спорт кешеніне күрделі жөндеу жүргізді. Кәсіпорын бес жылдан бері облыс спорты мен жастарды қолдауға да қомақты материалдық көмек көрсетіп келеді.
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.