Қазақстандағы сайлауға ТМД уәкілдігі атынан 300 бақылаушы қатысады

Қазақстан Республикасы Президенттігіне сайлаудың еркін әрі демократиялық түрде өтуін ТМД уәкілкідігі атынан 300 адам бақыламақ. Бүгінгі күні 200 жуық құжат әзірленген. Бұл саяси маңызды шараға қатысуға Белорусия, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстан келісімдарын берді. 2
Мемлекет ішіндегі істерге араласпау,  ұлттық сайлау заңнамалары талаптарын бұлжытпай орындау уәкілдіктің басты ұстанымы болмақ.  
ТМД елдері атына бақылаушылар уәкілдігі еліміздің өңірлерін аралап, үгіт-насихат барысымен танысуды жоспарлап отыр. Үміткерлердің сайлау алды штабтары бастықтарымен,  сонымен қатар сайлау процессіндегі заң бұзушылықтармен байланысты өтініш пен арыздарды қарайтын құрылымдармен кездесулер өткізбек. 
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓