Қазақстанның алтын қоры 196 тоннаға жетті

ТМД елдері арасында Қазақстан алтын қоры жағынан көшбасшы орында. Соңғы жылдары құнды металл қоры  33 % өскен.
Ағымдағы жылдың ақпан айында еліміздің алтын валюталық қоры 196 тоннаға жетті. Сонымен қатар Қазақстанның халықаралық валюталық қоры өсіп, 29  миллиард долларды құрайды екен.золото0
Бүгінгі таңда резерв көлемін арттырып, оны толықтыру белсенді жүріп жатыр. Алтын жинап, қамдану жақсы ұстаным дейді қаржыгерлер. Мамандардың айтуынша осылайша ұлттық валютамыздың құлдырауына жол берілмейді. Дағдарыс кезінде мемлекет экономикасын тұрақты сақтап қалуға мүмкіндік береді.  Өйткені алтын ешқашан құндылығын жоймаған және оның арзандауы да екі талай нәрсе.
Қазір Қазақстанның алтын қоры 100 миллиард долларға бағаланып отыр. Бұл ел тарихында болмаған жәйт. Алтын валюталық қор бойынша бүгін Қазақстан әлемдік рейтингтің 24 орында тұр.
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓