Аруна Жақсығұлова: “Қолдау жыл сайын артып келеді”

Елімізде тұрмысы жағынан аз қамтылған, халықтың осал тобына, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау білдіру жылдан-жылға жақсарып келеді. Облыста да азаматтарға әлеуметтік демеу көрсету нәтижелі іске асуда. Өткен жылы атқарылған нақты шаралар мен нәтижелер туралы "Үміт-Надежда" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Аруна Жақсығұлова әңгімеледі.
-Жаксагулова-1-e1489604410270– Аружан ханым, облыс азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету үрдісіне қандай баға бересіз? Ілгерілеу бар ма?
– Әрине, жылдан-жылға қарқын алып келеді. Жергілікті атқарушы орган облыс азаматтарына қолдау білдіру бойынша қабылдайтын шаралардың жемісті екеніне куәміз. Тек өткен жылы ғана өңірдің 39 мың азаматына жалпы сомасы 1,3 млрд теңге әлеуметтік көмек аясында төленіпті. Атап айтқанда, оларға мекенжайлық әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, облыстық, қалалық мәслихаттар шешімі бойынша көрсетілген жәрдемдерді жатқызуға болады.
– Осы жылғы ахуал қандай болмақ?
– Биыл әлеуметтік көмек көлемі тағы 100 млн теңгеге ұлғайып отыр. Бұл, әрине, қуанышты жайт. Жергілікті бюджет есебінен, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан жастардың, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі студенттердің оқу ақысы төленіп жатыр. Нақтылап айтқанда, сомасы 400-450 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін жетеді. Бұл дегеніңіз – әрқайсысына жылына 1,1 млн теңгеге дейін жұмсалады деген сөз. Мұның сыртында, мүмкіндігі шектеулі жандардың жедел түрде емделулеріне және дәрі-дәрмек алуларына да қаржылай жәрдем жасалуда. Мұның сомасы жан басына 126 мың теңгеге дейін шақ келеді. Билік тарапынан ұсынылатын тағы бір көмек – табысы межеден төмен әр отбасы тұрмыстық қажеттіліктері үшін 7-ден 15 АЕК-ке дейін, яғни 37,8 мың теңгеге шейін демеуақы ала алады.  
– Жалпы, облыста өмір сүріп жатқан мүмкіндігі шектеулі жандарға жекелей көрсетіліп жатқан қолдаулар туралы тарқатып айта кетсеңіз…
– Мемлекетіміздің әлеуметтік саясатындағы маңызды бағыттардың бірі – осы мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау. Қазір біздің облыста мүгедектіктің әртүрлі деңгейіндегі 28 мыңдай адам күн көруде. Олардың қоғаммен біртұтас өмір сүруін жемісті жүзеге асыру үшін олардың әлеуметтік оңалдырылуы үлкен рөл атқаратыны сөзсіз. Осы бағыттағы шараларды қаржыландыру жыл санап өсіп келеді. Биыл бюджеттен 4 млрд теңгеге жуық қаржы қаралды.  
– Игілікке жарағай. Мүгедек жандар үшін жасалған шараларға шолу жасаңызшы.
– Облыста жыл сайын 7 мыңнан астам оңалту шаралары өткізіледі. Яғни оның ішінде орындық-арба, тифло және сурдотехникалық аппараттар секілді аса қажетті заттармен қамту, тыңдау протездік және протездік-ортопедиялық көмек көрсету назардан тыс қалып көрген емес. Істен шыққан тірек-қимыл жүйелерін қалыпқа келтіру үшін облысымызда екі оңалту орталығы бар. Мұның сыртында, шамамен 1300 мүгедек жан "Сосновый бор" санаторий базасында санаториялық-курорттық сауықтырудан өтеді. Мұнда олардың жүріп-тұруына, сауықтыру курстарынан өтулеріне барынша жағдайлар жасалған. Мұндай жағдайлар ҰОС ардагерлеріне және оларға теңестірілген жандарға да жасалатынан айта кету керек.
– Әңгімеңізге рахмет!
 
Сурет интернеттен алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓