Ұлттық біріңғай тест сұрақтарының электрондық нұсқасы

Он бірінші сынып оқушыларына біріңғай ұлттық тестке дайындалуға тағы бір мүмкіндік туды. Болашақ түлектер  білім деңгейін ғаламтор арқылы тексере алады. Ал сыннан сүрінбей өткендерге  Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ғылыми-техникалық университетінде грант ұтып алады.  05974767
Оқушылар үшін мұндай жаттығу құралын ойлап тапқан Алматы жастары екен. ҚР білім Министрлігі бұл бастаманы қолдады. Сонымен білім сынағына дайындалам деушілерге өткен жылғы ҰБТ  тест сұрақтары  www.viktoriny.kz. сайтында орналастырылған. Енді әр оқушы өз білім деңгейін осыннан тексере алады. Ал сәуір айында тест дайындығы желісіне қосылғандар сыйлықтар ұтысына қатыса алады.   Ғаламтордағы тестте ең жоғары көрсеткіштерге ие болған оқушыларға Қ. Сәтпаев атындағы Қаз ҒТУ грантпен білім алуға мүмкіндік туады.  Сонымен қоса білім деңгейінің жоғары екендігін үміткер ҰБТ дәлелдеу тиіс. Сонда ғана грант иегері атанады.
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓