GetContact бұғатталды
GetContact сот шешімі бойынша бұғатталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметі директоры Ержан Біржанов мәлімедеген. "GetContact – бұл ресурс сот шешімі бойынша бұғатталды, біз оны іске асырдық", – деді Біржанов сұраққа жауап беріп.
ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметі директорының айтуынша, осы қосымшаның Желіде кейде шығып тұратыны жайлы да айтты.
ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметі директорының айтуынша, осы қосымшаның Желіде кейде шығып тұратыны жайлы да айтты.
"Бұл жағдайлар жаңа нұсқаларының шығуына байланысты. Жаңа нұсқа пайда болғанда, ол жаңарады. Ол шешім шығарылмайынша жұмыс істей беруі мүмкін", – деді Ержан Біржанов.
2017 жылы Мемлекеттік техникалық қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағына өтті. Мекеме мемлекеттік монополияға қатысы бар ақпараттық қауіпсіздік қамтамасыз ету саласында жұмыс істейді.
Айта кетейік, GetContact – телефонда сақталған мәліметтерді жинап, бөтен нөмірлердің кімге тиесілі екенін анықтау мақсатында жасалған қосымша. Оның заңға қайшы екені анықталды.
ІТ мамандар командасы қосымшаның төмендегідей кемшіліктерін анықтаған:
1. Дербес ақпараттың телефон нөмірі арқылы қолжетімді болуы.
«OLX қосымшасын ашып, кез-келген хабарландыруды табамыз. Ол жерден сатушының телефон нөмірін алып, ол туралы барлық мәліметке қол жеткізе аламыз. Яғни оның аты-жөні, хоббиі, қызығушылықтары, отбасы туралы білуге болады. Тіпті кейде мекен-жайы мен қайда жұмыс істейті жөнінде біліп алуға болады екен. Яғни кез-келген адамның нөмірі арқылы ол туралы барлық мәліметке қол жеткізе аламын», – дейді Әлібек Нарымбай есімді маман "Фейсбуктегі" парақшасына.
2. Біреудің абыройына нұқсан келтіру.
«Мен кез-келген адамға ор қаза аламын. Мысалы, кез-келген танымал адамның телефон нөмірін алып, андроид платформасындағы смартофонға оны «Папик», «Жомарт әрі сүйкімді клиент», «Секс шебері» атаулармен сақтаймын. Мұнан кейін оған қосымшаны жүктеп беріп, рұқсат берсең болғаны. Оның абырой-беделіне нұқсан келеді. Тіпті сол үшін жұбайымен ұрсысып, ажырасуы да мүмкін», – деп жазады ол.
3. Коммерциялық мақсатта
«Ақылды компаниялар GetContact арқылы сіз туралы мәліметтің барлығын ала алады. Десе де қосымша аз уақыт жұмыс істегендіктен, олар сіз туралы барлық мәліметті көшіріп ала алмаған болуы мүмкін», – дейді Әлібек Нарымбай.
Алайда GetContact қолдануышлары қызы үшін жақындары, туыстары мен таныстарын «құлдыққа сатып жіберді».
«Иә, құлдық. Жарнамалық құлдық. Олар қоңырау шалып, хабарлама жолдап, ойына келгенін жасай алады. Біз қызыққұмарлығымыздың арқасында небары 2 тәуліктің ішінде GetContact қосымшасына өзіміз туралы ақпараттың 95%-ын бердік.
Ал бұл деректер миллиондаған ақша тұрады. Кез-келген компания телефон нөмірі арқылы қандай да бір ақпарат алу үшін мыңдаған доллар төлеуге дайын», – дейді ол.