“Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі!”

Міне, осындай ұранмен елімізде “Саламатты Қазақстан” бағдарламасы аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының ұйымдастыруымен сәуірдің 1-і мен 10-ы аралығында мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде онкүндік басталады. Басты мақсат – оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту үшін дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы мектеп қоғамының ақпараттылық деңгейін арттыру.4pitanie
Қазір әлемде артық салмақ пен семіздіктің салдарынан қаншама адам зардап шегуде. Әсіресе, балалар арасындағы семіздік проблемасы дәрігерлерді алаңдатуда.  Мәліметтерге сүйенсек, әлемдегі 170 млн. жуық балада артық салмақ бар көрінеді. Ал, баладағы артық салмақ есейе келе семіздік пен созылмалы инфекциялық емес аурулардың өсуіне әкеп соғуы әбден мүмкін. Біздің елімізде энергетикалық сусындарды қалалық балалардың 25,5 пайызы, ауылдық жердегі балалардың 22,7 пайызы тұтынады екен. Сондай-ақ, күнделікті 400 грамм көкөніс пен жемісті тұтынушы қалалық балалардың үлесі 77,8 пайызды, ал ауылдық балалар арасында 70,7 пайызды құрайтын көрінеді. Сонымен қатар, тез даярланатын тағамды қаланың да, ауылдың да баласы бірдей тұтынса, еліміз бойынша фаст-фудты күніне бір рет 13,7 пайызға жуық бала тұтынады екен. Сондықтан, мамандар баласының денсаулығын ойлаған кез-келген ата-ана мұндай тағамдарды балаға бермеуді ескертеді.
-Еліміздің Бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен 2007 жылы білім ошақтарында газдалған және акогольсіз энергетикалық сусындарды, майға қуырылған картопты, қытырлауықтарды (кириешки) сатуға тыйым салынған болатын. Дегенмен, балалардың өздері тығылып осы зиянды тағамдарды сатып алып, жеп жүреді. Әрине, баланың аты – бала. Сондықтан, ата-аналары қатаң қадағалап отыруы қажет. Себебі, мұндай тағамдар баланың ғана емес, жалпы ересектердің де денсаулығына өте зиян екенін ұмытпауымыз керек. Осы онкүндік аясында біздің орталық мамандары денсаулық сақтау, білім басқармаларымен бірігіп, өңірдегі барлық білім ошақтарында түрлі іс-шаралар ұйымдастырмақпыз, – дейді облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының валеологы Рабиға Наукенова.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓