Таңдау жасады

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің мәжіліс залында  Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері: Торғай аграрлы-техникалық колледжінің бөлім меңгерушісі Ж.Ғапбасұлы, гуманитарлық колледждің директоры С.Тасмағанбет және қаладағы «Видергебург» неміс қоғамдық бірлестігінің төрайымы З.Пыхтиналар студент жастармен кездесіп, еліміздегі ынтымақ пен бірлікті сақтауда Ассамблеяның алар орнының айрықша екендігін түсіндірді.DSCF8502
– ҚР Президенті Н. Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Отанымызды мекендеген жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстар ортақ мүддеге ұйып отыр. Ассамблея елде кезектен тыс Елбасы сайлауын өткізуді бекер ұсынып отырған жоқ. Алдымызда биік мақсаттар мен жауапты кезең тұр. Елбасының "Қазақстан – 2050" Стратегиясы ел жүрегінде. Олай болса, алдағы өтетін сайлауда біздің таңдауымыз Н.Ә.Назарбаев!, – деді Ассамблея мүшелері бірауыздан.
 Сондай-ақ, үстіміздегі жылы аталып өтілетін Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы, Ата заңымыздың 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мерейлі мерекелерімен құттықтады.
 Кездесуге қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы М. Айтмағанбетова және БАҚ өкілдері қатысты. 
Арқалық қаласы.
 
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Суретті түсірген автор.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓