Бюджеттік бағдарламаның орындалу тиімділігі арта түсуде

Өңір қазынасының былтырғы жылғы игерілгені және келер жылға қойылған жоспары бойынша қаржы басқармасының басшысы Сәуле Аймұхамбетова аппарат мәжілісінде есеп беріп, бірқатар мәселелерді алға тартты. обл
Айталық, былтырғы жоспарға сәйкес барлық қаржы кірісі 97% құраған. Яғни, мақсат – 137 млрд. 663,8 млн теңгені қазынаға құю болжамдалған. Енді соның 137 млрд. 275,4 млн. теңгесі ғана расымен қазынаға түскен. Жетпегені 388,4 млн. теңге көрінеді. Мұны Рудный шаһарындағы бюджеттік салымдардың қысқартылуынан екенін қаржы маманы түсіндіріп:
– 2013 жылмен салыстырғанда былтырғы жағдай жақсы. Себебі, облыс қазынасы жеке кірістердің арқасында жарты млрд. теңгеден астам қаржыға толықты,- деп трансферттер көрсеткішін де, салықтан түскен қаражатты да тізбелеп өтті.
Әкімшілік айыппұлдан, әлеуметтік салықтан, табиғи ортаны қорғаудан түскен қаражат көлемінің артып, кем тұстарын әңгімелеп берді.
Бұған бей-жай қарамаған өңір басшысы Нұралы Садуақасов бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тиімділігі жөнінде аймақ республикалық көрсеткіш бойынша қаншалықты дамып отыр деген рәуіште сауал қойды. Сәуле Аймұхамбетова былтырғы жағдайды әлі толық айта алмайтындығын, себебі, анықталмағандығын одан бұрынғы жылы бесінші орында екендігін алға тартты. Оның салдары мынада екен – қаржы дағдарысының әсерінен бюджет бірнеше мәрте қысқарып, кейбір жетпей жатқан қаржы жобаларының іске аспай, асырылса да кешеуілдеп қалғаны. Бірақ, бұл жайында Н.Садуақасов негізгі критерийлерін айта отырып, орта пайызбен 55 бюджеттік бағдарламаның орындалу тиімділігі артқанын, яғни, осыған қарап: 2013 жылы жеткен 94%-дың орнына былтыр 108,4% артық орындалғанынан көруге болатынын жеткізді. Демек, жылдан-жылға осы тиімділік одан әрі артып, дамып келе жатқаны анық.
Бұдан соң облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркова есеп беріп, таяуда ғана өткен облыс мәслихаты депутаттарының босап қалған орнына сайлау болғандығын, оған қанша үміткердің қатысып, қаншалықты дауыс алып, сайланғандығын қорытып берді.
Осы төңіректе өңір басшысы халық қалаулыларының атқарып жатқан еңбегін тілге тиек етіп, мемлекет басшысын сайлауда да осы үдеден шығу керектігін, президентікке үміткерлердің штабын өз деңгейінде ұйымдастыруды да тапсырды.
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓