Еңбек әулеттері марапатталды

Елбасының Жарлығымен былтырдан бері қыркүйек айының соңғы жексенбісі “Еңбек күні” мерекесі болып аталып келеді. Мақсат – мемлекет басшысының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеяларының шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады.
IMG_4727
 
 
Қостанайдағы Достық үйінде Еңбек күні мерекесіне орай, Еңбек әулеттерінің қатысуымен форум өтті. Онда облыстың әр өңірінен келген 12 отбасы марапатталды. Мрекелік шарада сөз алған облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Б.Ертаева жиналғандарды Еңбек күні мерекесімен құттықтап, әр ұжымға, әр отбасыға бақыт, береке-бірлік, еңбектеріне табыс тіледі.
IMG_4746
 
 
-Еңбек әулеттерін құрметтеу форумы өңірде осымен биыл екінші жыл ұйымдастырылып жатыр. Өткен жылы осындай форум аясында 11 отбасыға құрмет көрсетілсе,  ал биыл 12 еңбек әулеттерін марапаттап жатырмыз. Олардың арасында ауыл шаруашылығы, құрылыс, орман шаруашылығы сияқты әр салада бір әулеттің бірнеше ұрпағы еңбек етіп келе жатқан отбасылар бар. 
 
https://www.youtube.com/watch?v=Wwz3RjWiaZk
 
Сондықтан, мұндай еңбек әулеттері – бұл кез келген ұжымның баға жетпес ресурсы. Ұжымның күші дәл осы еңбек династиялары арқылы көрінеді. Еңбек әулеттері – кәсіпорынның тірегі, оның өткені, бүгіні және келешегі. Олар кәсіпорынның бақуатталығының, тұрақтылығының және әлеуметтік маңыздылығының айғағы. Еңбек күні мерекесіне орай ұйымдасрылған бүгінгі форумды біз  салалық кәсіподақтармен және жұмыс берушілермен бірігіп өткізіп жатырмыз, – дейді Қостанай облысының кәсіподақтар орталығының төрайымы Балбөпе Ертаева.IMG_4759
Еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек. Еңбек әулеттерінің форумында марапатталған әр отбасының еңбек жолдары кіші буын ұрпаққа үлгі, алар тәлімі де өте зор. IMG_4761Қарапайым еңбек адамының мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шарада ұрпақтар сабақтастығын жалғап келе жатқан олардың бәрі де сый-сияпаттан кенде қалмады. IMG_4768Сондай-ақ, шара барысында ұжымда іскерлігімен, еңбегімен еленгендер де ҚР Кәсіподақтар Федерациясының және облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.IMG_4792
 
Қарлығаш ОСПАНОВА
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓