Депутаттар ҚХА жылын насихаттады



Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында "Бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі" атты дәріс – таныстыру өткізілді.
Онда "Менің қазақстаным" делегация жетекшісі Ғ. Телебаев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚХА депутаттар тобының мүшесі З. Саяпова, ҚХА ғылыми – эксперттік кеңесінің мүшесі Ғ. Төлеғұл, "Қарашай – балқар" этно – мәдени бірлестінің жетекшісі, ҚХА мүшесі Л. Хочиевалар сөз алып, еліміздегі ынтымақ пен бірліктің арқасында ортақ отанымызды мекендеген ұлттар мен ұлыстардың бір үйдің баласындай тату- тәтті ғұмыр кешіп отырғандығын әңгіме өзегіне айналдырды.


Институттың конференц залында журналистермен брифинг өткізілді. Брифингке облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ж. Мақанов, облыстық "Қостанай таңы" газетінің директор – бас редакторы Ж. Аязбеков және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы.