Жылу есептегішке – жарты миллиард
Облыста. Биыл 833 жылу есептегішті орнатуға 562 млн теңге бөлінді. Есептегіштерді орнатуға қаржыны ҚР Ұлттық экономика министрлігі қайтарылатын негізде ұсынылды. Ақша «ТКШ-ні дамыту қоры» АҚ арқылы беріледі. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы келтірген ақпаратқа жүгінсек, жылумен қамтамасыз ету қызметтерін төлеу бойынша сараланған тарифтерге облыс 1 мамырдан бастап көшірілмек.