Жаңа ескерткіш дайын

Қарабалық ауданында таяуда ғана құлатылып, әлеуметтік желілерді жайлаған бейнетаспасы ғаламтор тұтынушылары арасында қызу талқыға түскен ескерткіштің орнына жаңа мүсін орнатылды. "Қарабалық батырдың ескерткіші" делініп жатқан ат үстіндегі жауынгер бейнеленген белгі 20 қазанда ресми ашылмақ.WhatsApp Image 2018-10-17 at 16.16.13
Айта кетейік, 5 қыркүйек күні, тозығы жетіп, сапасы нашарлаған соң,  2015 жылы қазақ хандығының 550 жылдығына орай орнатылған ескерткіш техника көмегімен құлатылған еді. Кейінірек Қарабалық ауылы әкімдігінің өкілдері орнына басқа мүсін қойылатынын айтты. "Жаңа нысан таза қоладан жасалады және бұрынғы ескерткіштен 50-70 сантиметрге биік болады. Ол үшін Алматы қаласына тапсырыс берілді. Қазан айының алғашқы онкүндігінде әкелінеді. Бұл мүсін "Қарабалық батыр" қоры қаржысына әзірленіп жатыр", – деп ақпарат берген еді селолық округ әкімі Асан Шектібаев.WhatsApp Image 2018-10-17 at 16.16.14Жаңа ескерткіштің суреттерін сол аудандағы Жаңбырбай Көлбаев есімді оқырманымыз біздің редакцияға жолдады. Алдағы аптада ақпарат кеңейтіліп беріледі.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓