«Менің Қазақстаным» пойызы Арқалықта
26 наурыз 2015 жыл. Сағат 11:00. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылында еліміздегі татулық пен бірлікті ел арасында насихаттау мақсатымен сапарға шыққан «Менің Қазақстаным» пойызы Арқалық қаласына келіп тоқтады.
Құрметті қонақтарды қала жұртшылығы әсем ән жырмен, шашу шашып, жастар флешмобпен қарсы алды. Театрландырылған қойылыммен Қыдыр ата батасын берді. Вокзал алааңында митинг өткізіліп, қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов құттықтау лебізін жеткізді. ҚР Парламентінің депутаты, қазақстан халқы ассамблеясының депутаттар тобының мүшесі З. Саяповалар халықтар достығының, еліміздегі тұрақтылыққа ұйтқы болып отырғанын тілге тиек етті.
Құрамында Парламент Мәжілісінің депутаттары, этномәдени бірлестіктер жетекшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғалымдар, заңгерлер, дәрігерлер, әлеуметтік сала мамандары бар арнайы пойыз күні бойы қалада болып, халыққа тегін қызметін көрсетпек. Сонымен қоса халық әртістері Е. Хасанғалиев, Н. Нүсіпжановтар бастаған өнер тарландары қала тұрғындарына концерттік бағдарламаларын ұсынбақшы.
Мұрат Жүнісұлы
Суретте: «Менің Қазақстаным» пойызы
Суретті түсірген автор
Арқалық қаласы.