Жалғызбасты аналарға қолдау
Облыста. «Надея» поляк этномәдени бірлестігі ҚХА жылы мен «20 игі іс» республикалық акциясы аясында жалғызбасты аналарға көмек көрсетті. ЭМО белсенділері қалалық әйелдер мен балаларға арналған бейімдеу орталығына келіп, ондағы жандарға қолдау білдірді. Надея» этномәдени бірлестігінің өкілдері бір реттік көмекпен шектеліп қалмайтынын, бұдан былай үнемі қол ұшын созып, қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді. Сәуір айында бірлестік өкілдері аналар мен олардың балалары үшін жазда киетін жеңіл киімдер әкеледі, кейінірек ойыншықтар мен кітаптар әкеп тастауды жоспарлап отыр.