Құрметке лайық деп танылды
Тәуелсіздік күніне орай, облыстың судьялары мен сот жүйесі қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараның ашылуында сөз алған облыстық сот төрағасы Ғалымжан Мырзаке жиналғандарды мерекемен құттықтап, тәуелсіз еліміздің сот жүйесіндегі жетістіктерді баяндап, осы салада зор еңбек сіңіріп жүрген бір топ үздіктерді марапаттады.

Сонымен қатар сот төрелігін жүзеге асырудағы жетістіктері мен белсенді қоғамдық қызметі үшін ҚР Судьялар Одағы облыстық сот судьясы Серік Қайкеновке, Денисов аудандық соты төрағасы Владимир Лелекаға, Қостанай қ. әкімшілік сотының төрағасы Мақсат Сергазинге, Қостанай аудандық сотының судьясы Батырбек Құдабаевқа, қылмыстық істер жөніндегі сот судьясы Ерлік Сералинге, Қостанай қ. №2 соты судьялары Наталья Бускоға, Алтынай Байжұмановаға алғыс айтылды.
Қостанай облыстық соты төрағасының грамоталары облыстық сот судьясы Қарлығаш Исмағұловаға, Қостанай қалалық сотының төрағасы Мұрат Наймановқа, Рудный қалалық сотының төрағасы Талғат Ибрашевқа және Меңдіқара аудандық сотының судьясы Алтынай Сағындықоваға табысталды.
ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Департамент басшысының өкімімен сот жүйесіндегі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталу құрметіне Рудный қалалық сотының бас маманы Марина Латохина және Рудный қаласы әкімшілік сотының бас маманы Мүслима Молдагозина, «Сот жүйесінің үздігі» төс белгісіне Қостанай қалалық сотының бас маманы Татьяна Колисниченко ие болды.
Мерекелік шара соңы облыстық Е.Өмірзақов атындағы филармония әртістерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.
Қарлығаш Оспанова