«Күн нұрының» шуағына шомылғандар
Осыдан төрт жыл бұрын «Балапан» мемлекеттік бағдарламасының арқасында Веселоподол ауылында ашылған «Күн нұры» бөбекжайы бүгінде балапандарды бақытқа бөлеп, шуағына шомылдырып келеді.

«Бәрін айт та, бірін айт» – демекші, балаларға барлық жағдай жасалған. Заманауи жабдықтармен көмкерілген бөлме іші көздің жауын алады. Тіпті, аудандық балабақшалардан еш айырмашылығы жоқ.
Балаларға бар жағынан көңіл бөлетін тиісті мамандар да жеткілікті. Барлығы 22 адам жұмыс істейді.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы