Қамқорлық танытты
Қарасу ауданы. Октябрь кентінің әкімі Владимир Андрусенко мен әлеуметтік саланың қызметкерлері жалғыз ілікті қарттар мен тыл ардагерлерін Наурыз мерекесімен құттықтады. Ауыл басшысы қарияларға өзінің ізгі тілегін жолдап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, барлық ардагерлерге, жалғызбасты кісілерге ескерткіш сыйлықтар табысталды.