Орталық сайлау комиссиясы отырысында

Қазақстан Республикасы президенттігіне  үміткер Якобжан Жүнісбеков, Қайрат Маишев, Айгүл Өтепова, Қанат Есжанов, Амантай Асылбек (Амантай қажы) және Біржан Ділмағамбет ОСК шешімімен тіркеуден өткен жоқ. Бұл азаматтар емтиханға келмегендер немесе оны тапсырудан бас тартқандар және   мемлекеттік тілді білмейтіндер.сайлау 1
Сонымен қатар,  өз еркімен тіркелуге қатыспай, үміткер тізімінен тыс қалған Мэлс Елеусізов, Жақсыбай Базылбаев пен Мухамедрахым Кұрсабаев бойынша ОСК оң  шешім қабылдады.
26 сәуірде өтетін кезектен тыс сайлауға қатысуға өтініштерді қабылдау 15 наурызда аяқталды. Орталық сайлау комиссиясында сол кезде 27 өтініш болған еді.
Бүгінгі күні үш үміткер ресми тікелді. Бұл қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы атынан Тұрғын Сыздықов және өзін-өзі үміткерлікке ұсынған Әбілғазы Құсайынов.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓