«THE ФЕРМЕР» семинары өтті
Облыс әкімінің қатысуымен «THE ФЕРМЕР» семинар-конференциясы болып өтті.
Аграрлық сектор біздің еліміздің экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады, азық-түлік қауіпсіздігі мен халықтың әл-ауқатының деңгейі толығымен оның даму деңгейіне байланысты. Өткен жылы облыстың ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 78,9 млрд теңгені құрады.
Облыста агротехнологиялардың жоғары деңгейі бар, жыл сайын жоғары өнім алатын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының табысты жұмысының көптеген мысалдарын келтіруге болады.
Қауіпті егіншілік аймағындағы ауыл шаруашылығы өндірісінің басты міндеті – ауа-райы факторларының теріс әсерін барынша азайту.
Қостанай облысы республикадағы ең ірі астық өндіруші болып табылады, оның жалпы көлемінің төрттен бірін өндіреді.
Біздің облыс елімізде ұн өндіру бойынша бірінші орында, май бойынша екінші, сүт бойынша үшінші орында екенін атап өткім келеді.
Өткен жылы 21,8 млрд теңге сомасына, 570-тен астам жұмыс орнын құрумен 12 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы 27,5 млрд теңге сомасына, 165 жұмыс орнын құрумен 13 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.

-Мемлекет жыл сайын ауыл шаруашылығы салаларына қаржылық қолдау көрсетеді.
«Олжа Агро» ЖШС басшылығы Айдарбек Ходжаназаровқа, сондай-ақ семинарға қатысқан барлық фермерлерге және «THE ФЕРМЕР» жобасын біздің облысқа әкелген ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді.Семинар тақырыбы облыстың ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін өзекті, – деп табыс тіледі облыс әкімі.