Кәсіпкерлермен кездесті

«Нұр Отан» партиясының атынан сайланған депутаттар Ибраш Естаев, Аманкелді Жалғасов және Самат Ақышевтер қостанайлық бизнес өкілдерімен кездесіп, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде кәсіпкерлік мәселелері туралы кеңірек пікір алмасты.
-Кездесуге келген халық қалаулылары кәсіпкерлік саласында қандай да бір өзекті мәселелердің бар-жоғын білуге, сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің мәселелерін шешуде қаншалықты рөл атқаратындығына көз жеткізді,-дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов.нур_атан_33
Кездесу барысында облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»   Жолдауын белгіленген міндеттерінің орындалу барысы туралы, мамандарды оқыту мәселесін қолдау жөнінде өз ойларын білдірді.
«Нұр Отан» партиясының атынан сайланған депутаттар да өз кезектерінде қоғамдық жұмыстары туралы және партияның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асырылуы жайлы айтып берді. Айта кету керек, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында депутаттар «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, әлеуметтік қорғау, ауылшаруашылығы мәселелері төңірегінде ұдайы қоғамдық қабылдаулар жүргізеді.
Облыстық мәслихаттың депутаты Ибраш Естаев партияның сайлауалды тұғырнамасында көрсетілген «Ауылды дамыту және қолдау» бағыты бойынша жұмыс істейді.нур_атан_22
-Мен эксперттік топтың басқа да мүшелерімен бірге екі жылдан бері «Ақбұлақ» бағдарламасының орындалу барысын бақылап жүрміз. Мұның сыртында партияның қоғамдық қабылдауына азаматтардан келіп түскен шағымдарға мониторинг жүргіземіз. «Біздің ауыл»-«Наше село» атты партиялық жобаны жүзеге асыру барысын қадағалаймыз. Мәселен, шалғайдағы ауылдарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, ауыл жастарын жұмысқа орналастыру, жергілікті жерлердегі кәсіпкерлікке қолдау көрсету біздің құзырымызда,-дейді Ибраш Естаев.
Кездесу соңында депутаттар барлық кәсіпкерлерді ҚР Президентінің сайлауына бір кісідей қатысуға шақырды. «Қазақстан саяси-экономикалық жағынан жылдан жылға өсу үстінде. Болашақты қалыптастыру бүгінгі ұрпақтың қолында.Сондықтан бір де бір ел азаматы республикамыз үшін аса маңызды шарадан қалмауы тиіс»,-деп атап көрсетті облыстық мәслихаттың депутаты Аманкелді Жалғасов.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓