«Мирастың» міндеті

«Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалында «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті. Келелі басқосу Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойларына арналды.мирас_11
Кеңестің жұмысына облыстық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылды. Олар биылғы мерекелерді өткізу туралы өз ұсыныстарын, ойларын айтты. Мәселен, соғыс ардагерлеріне көрсетілетін адрестік көмек жыл бойы атқарыла бермек. Қоғамдық кеңес мүшелері бірауыздан осындай шешім қабылдады.
Қазақ хандығының 550 жылдығы да жастардың бойында патриоттық сезімін оятуда зор рөл атқарары даусыз. Бұл тұтас еліміз үшін маңызды шара, өйткені бес ғасырдан астам бұрын осы ұлан-ғайыр далада алғаш рет Қазақ мемлекеттілігі қалыптасты. Сондықтан, бұл халқымыз үшін айтулы дата.мирас22
Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалында өнер мен мәдениетті дамыту мәселелері бойынша «Мирас» қоғамдық кеңесі құрылған болатын. Кеңеске мәдениет пен өнерді дамытуға, сондай-ақ, шығармашыл ортамен, мәдениет және өнер ұжымдарымен тығыз байланыс орнату мәселелері жөнінде ұсыныстарды әзірлеу бағытындағы «Нұр Отан» партиясы белгілеп берген міндеттерді жүзеге асыру жүктелген.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓