Кіндік шеше


Шындығында күні кешеге дейін қалың қазақы ауылда туған баланың кіндігін ырымдап жақсы-жайсаңдарға таңдап кестіретін. Тіпті алдын-ала қалаған кісіге кіндік шеше боласың деп ескертіп қоятын болған.
Дәрігерлер жарық дүниеге шыр етіп келген бала тәнін қолымен ұстап, кіндігін кескенде сол адамның бойындағы биоөріс пен қасиеттерінің бір парасы нәрестеге даритынын жоққа шығармайды. Сондықтан қазақта бала кіндік шешесіне тартады дейтін ұғым бар. Қазақтың біртуар оғыланда-ры Бауыржан Момышұлы, Қаныш Сәтбаев, Мұқтар Әуезовтердің бойында бар қа-сиеттерінің бір парасы кіндік шешелерінікі дегенді естелік-әңгімелерден оқыдық.
Қазір енді заман басқа. Қалың қазақ арасында болса болар, бірақ қалада бұл қал-ған. Қазір перзентханада баланың кіндігін кім болса сол кеседі. Баласының кіндігін кескен бейтаныс кісіге сый-сияпат жасалып та жүр.
Бірақ сол ата-ана баласын айналып-толғанып өсіре келе, баласының "өзгеше" өздеріне тартпаған "бөтен" мінездерін көріп аң-таң, кейде жаман болса бір-бірінің арғы тегіне жауып, керілдесіп қалатындарды да көріп қалдық.
Басқа тәрбие жетісіп, енді қалғаны осы ма еді. Ұсақ-түйекті де сөз ететін болдыңыз ба дерсіз. Биыл осы немеремізді шығарып алайық деп перзентханаға барғанымызда, мынадай жайды көзімнің қиығы шалды. Бір жас әке қасындағы достарына айфонынан перзентханадағы әйелінің толғағының қасында болып, бәрін бейнекамераға түсіріп алыпты. Соны дос-жарандарына көрсетіп, қарқ-қарқ күліп, мәз-мәйрам.
Ал енді кіндік шеше деген сол тұрғанда көбіміздің ойымызға кіріп те шықпады-ау..
Жанұзақ Аязбеков