Жанкелдинде айқын кабинет ашылды

Жуырда Жанкелдин ауданы әкімдігі мен Аудандық ішкі істер бөлімі айқын тергеу кабинетін ашты. Аталған жұмысты қылмыстық процесті оңтайландыру жобасының аясында, аудандық қылмысты қудалау органдары, аудандық әкімдікпен бірлесе отырып атқарды.SAM_1751Тергеу кабинетін ашу тергеу және анықтау әрекеттерін жүргізу барысында заңмен рұқсат етілмеген әдістерді қолдану қаупін және азаматтардың арыз-шағымдарын төмендетеді. Жеткізілген тұлғалардың туыстары мен таныстары процестік-тергеу әрекеттерін әйнек және ғимараттың кіре берісіне орналастырылған арнайы экран арқылы көре алады.
Аталған жұмыс азаматтардың жақындарын күтпеген жерден полиция бөлімшесіне тергеу амалдарын жүргізу үшін жеткізген немесе шақырған уақытта, олардың қауіпсіздігіне қауіптенбеуі үшін ұйымдастырылды. Тергеушінің жабық есігінің ар жағында не болып жатқаны ешкімге де белгісіз.
Осыған орай «Азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық процесті оңтайландыру» жобасының аясында Жангелдин аудандық ішкі істер бөлімінде арнайы айқын кабинет орналастырылды, онда бейнебақылау камерасы арқылы, барлық жедел-тергеу әрекеттерінің жазбасы жүргізіледі. Одан әрі қарай, бұл бейнежазба онлайн режимінде кеңформатты дисплей арқылы АІІБ бірінші қабатының кіре берісінде таратылады. Осылайша, жүргізілген тергеу амалдарын нақты сол уақытта көруге ниет білдірушілерге  толық мүмкіндік жасалған.    
 
Мейрамгүл Қозбақ,
Жанкелдин аудандық прокуратурасының аға прокуроры.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓