Гольф деген ойын бар

Үстіміздегі жылы қалалық гольф клубы өзінің 11 жылдығын атап өтпек. Әуелде ол коммерциялық негізде құрылса, кейін гольф-мектебі ашылды. Мұнда оқушылар тегін дайындалады. Жыл сайын гольф маусымының шымылдығын әуесқойлар турнирі түреді. Биыл да сол дәстүрден жаңылмаған әуесқойлар 23 мамыр күні жасыл алаңға шықты.
Турнирдің жүлдесі үшін 12 спортшы күш сынасты. Олардың арасында жүлделі бірінші орынды Иван Клименко жеңіп алды. Ал Ербол Ерденов жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Үшінші орын Владимир Клименкоға бұйырды.
Жыл ішінде Қостанайда дәл осындай бес-алты турнир өткізіледі. Енді бір аптадан соң балалар жарыс алаңына шығады. Оған 50-60 жасөспірім гольфшылар қатыспақ.
Әлібек
ЫБЫРАЙ
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.