Шегірткеден сақтанбаса болмайды
Таяуда Жанкелдин ауданы бойынша 2014 жылғы үйірлі шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде семинар кеңес өтті.
Жиынға аудан әкімі Асқарбек Кенжеғарин, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері және аумақтық инспекциясының басшысы мен жауапты қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша "Жанкелдин ауданы бойынша 2013 жылы үйірлі шегірткеге қарсы атқарылған жұмыстары және 2014 жылға жоспарланған жұмыстары" жөнінде Жанкелдин аудандық аумақтық инспекциясының басшысы К.Қарағұл білдірме жасап, "былтырғы жылы Қостанай облысы бойынша үйірлі шегірткеге қарсы 1 млн. 412 мың гектар жер өңделсе, біздің аудан бойынша 25 мың гектар жер өңделген. Ал 2014 жылы Қостанай облысы бойынша үйірлі шегірткеге қарсы өңделетін жер көлемі 1 млн. 320 мың гектарға жуықтаса, Жанкелдин ауданында үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу аумағы 204,0 мың гектарды құрап отыр.
– Алдағы уақытта осы үйірлі шегірткемен күресте тек арнаулы мамандар ғана емес, ауданымыздың әрбір азаматы атсалысса "жұмыла көтерген жүк жеңіл болар" еді, – дейді Кеменгер Қарағұлұлы.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе төңірегінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік инспекциясы комитетінің Республикалық фетосанитарлық диагностика және бақылау әдістемелік орталығы Жанкелдин аудандық филиалының директоры М.Нұрғалиев өз сөзінде зиянды жәндіктермен күресті дұрыс ұйымдастыру үшін олардың түрлерін, биологиясын, олардың көбеюіне әсер ететін жағдайларды және мониторингі пен күресу шараларын жақсы білу қажеттігін айта келіп, өсімдіктерді қорғау ғылыми негізделген шара ретінде ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіру технологиясының құрамына кіретіндігін атап өтті. Ауыл шаруа-шылығы дақылдарына зиян келтіретін көп қоректі жәндіктердің түрлері италиялық, азиялық шегірткелер біздің ауданның аумағында көп таралғандығын да тілге тиек етті. Карантиндік нысандардың ішінде біздің аудан аумағы бойынша көп тараған улы шөптер қатарына жататын – улыкекіресі. Осыған орай 22000 мың гектар жер тексеріліп, 5000 гектар анықталыпты.
Сонымен қатар үйірлі шегіртке пайда болмас бұрын алдын-алу шараларын осы бастан қамтып, жеке шаруа қожалықтары өздеріне тиесі жерлерін бақылауда ұстау керектігін де назардан тыс қалдырмады.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ.
Жанкелдин ауданы.